Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты қарсы алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ол Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысады" - делінген хабарламада.
Айта кетейік, саммитке Қырғызстан басшысынан бөлек Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Мажарстан және Түрікменстан мемлекеттерінің басшылары қатысады.