Атыраудағы сәби өлімінен кейін медициналық ұйымдарға жүргізілген тексеру нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сараптама нәтижесінде сәбилердің тірі туып, өмірінің алғашқы жеті күнінде шетінеп кеткені анықталды. Бұған дейін 277 жағдай анықталғанын айтқанбыз, бірақ қосымша материалдарды тексере келе осындай 282 жағдай орын алғаны белгілі болды», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, сәбилер тірі туғанмен, әртүрлі жағдайларға байланысты алғашқы жеті күн ішінде шетінеп кеткен.
«Бұл сәбилер шынымен тірі туған, бірақ алғашқы жеті күн ішінде туа бітті жүрек ақауы және басқа себептерден шетінеп кеткен. Бұл сандар бала өлімі көрсеткішіне әсер етеді», - дейді ол.