Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов қызметінен босатылды. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ішкі істер министрінің бұйрығымен Алматы облысы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалдым.
Бұл қызмет – мен үшін жаңалық емес, ал аймақ – ерекше, әсіресе үйім, алаңсыз балалық шағым және мектеп осы жермен байланыстырады.
Ведомство басшылығының бұл сенімі мен үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда, әділеттілікті қалпына келтіруде және қылмыспен күресте жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл - менің кәсіби өсуімнің жаңа кезеңі», - деп жазды ол.