Еліміздің 30 жылдығына орай, елімізде жақсы жаңалықтар орын алып, жаңа Қазақстанды құруға талпынып келеміз. Оның бірден бір дәлелі, облыстардың бөлініп, жаңа облыстардың құрылуы. Осы орайда Семей қаласында жыл сайынғы облыстық жас ақындар айтысы Тәуелсіздік, туған жер, еліміздің біртуар тұлғалары тақырыптарына арналған жас ақындар байқауы өтті, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Бүгін қалалық Мәдениет сарайында «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Айтыскерлер Семейге Шығыс Қазақстанның әр өңірінен келіп, барлығы 12 айтыскер ақын бақ сынады.
Ұйымдастырушылар – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен халық ақындар орталығы. Орталық басшысы Дәметкен Омарбаева өткен Наурыз мейрамымен құттықтап, бір жағынан айтыстың да мерекенің жалғасы екенін атап өтті.
«Талантты жастарды насихаттау – біздің басты мақсатымыз. Биылдың өзінде алты айтыс өткіздік. Бізге Өскеменнен, Үржардан, Көкпектіден жас ақындар келді. Семейліктер де қатысады. Айтыс – қазақтың төл өнері. Оны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа Қазақстанды» насихаттау жолында қайта жаңғырту әрбіріміздің азаматтық борышымыз деп білемін. Жас ақындар туған жерін, елін жырға қосып, сөз өнеріне сусындап қалған жұртшылықты дән риза етті. Баршаңызға белгілі, бірнеше жыл елімізде ауыр індет салдарынан мұндай рухани кештер өткізбек түгілі, бір бірімізді көруге, қол алысып құшақтасуға зар болып қалдық. Қазір, Құдайға шүкір, індеттің беті қайтып, бүгінде қалыпты тіршілігіміге қайта оралдық. Сонымен қатар Жаңа Қазақстанды құруға талпынып жатырмыз. Бұл біздің Тәуесіз еліміз үшін өте маңызды қадамдар деп білемін», – дейді Дәметкен Омарбаева.
Ұйымдастырушылар пандемияға байланысты мұндай шаралар көптен бері өткізілмей келгенін, енді оны қуып жету жоспарланып отырғанын айтты. Қатысушылар саяси реформалар, елді өзгерту және қоғамдық ой тақырыптарында пәлсапа ойластырғандарымен бөлісті.
«Қатысушылар арасында тәжірибелі IT сарапшылары да, жаңадан бастағандар да бар, олар өз қателерін осында көріп, жетілдіре алады. Айта кетейін, бүгін қатысушылардың барлығы Абай өңірінің құрылғаны туралы жаңалыққа қуанып, үлкен ынтамен сөйлеп жатыр. Семей облысы мен Абай обылысының қайта құрылуының өзі жас ақындарға шалқар шабыт сыйлады деп білемін. Ақындар тұрмақ, қарапайым жандардың өзі шат–шадыман болып жүргенін көргенде жүрегіңе ерекше қуаныш ұялайды екен. Біз Тәуелсіз Қазақстанның жаңа келбетін көрген бақытты ұрпақпыз», – дейді ақын Фархат Маратұлы.
Айтыс – Семейдің рухани байлығының бірі. Мұндай мүшәйраларды өткізу ақындарға мол тәжірибе беретін бұрыннан келе жатқан дәстүр.
«Біз бүгін айтыс көріп, бір жасап қалдық. Айтыс – ата-бабамыздан қалған ерекше сөз өнері. Бүгін біз туған-туыс, ағайын-жұрт, көрші-қолаң, ауыл-аймағымызбен қоса келіп отырмыз. Біз қазақтың сөз өнерін түсінетін, қазақтың қара сөзін саралай алатын халықпыз. Облысымыз қайта құрылып, «Жаңа Қазақстанның» жаңа келбеті болып жатқаны да біз үшін мақтаныш. Бүгінгі таңда аймағымыз өркендеп, дамып келе жатыр. Осыған орай үлкен қалаларға кетіп жатқан жақындарымыз да елге оралып жатқаны қуантады. Біз осы үшін де қуаныштымыз. Бүгінгі айтыс өнері де біздің жұдырықтай жұмылған халық екенімізді көретті деп ойлаймын», – дейді семейлік тұрғын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәдениет сарайында «Жаңа күн – жаңа Қазақстан» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті. Айтыскерлер Семейге Шығыс Қазақстанның әр өңірінен келіп, барлығы 12 айтыскер ақын бақ сынады. Ұйымдастырушылар – қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен халық ақындар орталығы. Орталық басшысы Дәметкен Омарбаева өткен Наурыз мейрамымен құттықтап, бір жағынан айтыстың да мерекенің жалғасы екенін атап өтті.