14 қар, 2019 сағат 17:54

Рухани жаңғыру - патриотизм негізі

Целиноград ауданында аудандық Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жастар жылына орай «Рухани жаңғыру - патриотизм негізі» атты жоғары сынып оқушылары арасында өтетін интеллектуалдық байқау өтті. Байқауға Талапкер, Оразақ, Ақмол, Қараөткел орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Шығармашылық байқаудың мақсаты - аудан тұрғындары және жастары арасында жергiлiктi тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру. Өз ауылдық округін көркейтуге бағытталған жұмыстарды насихаттау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштіккке тәрбилеу. Байқауда Целиноград ауданы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Е.Байділдина, Қосшы ауылы кітапханашысы Д.М.Бекова, «Жас Отау» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары А.Базарханұлы қазылық етті.

Әр команда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өз округтерінде атқарылған жұмыстарды насихаттады. Байқау 3 кезеңнен тұрды. I кезең: «Таныстырылым», II кезең: «Біздің жетістіктер» - («Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өз ауылдық округінде атқарылған жұмыстар /абаттандыру, құрылыс, жаңа нысан, жол, жарықтандыру, су тарту, білім, өнер, мәдениет, тарих, өлкетану мұражай, тұлғалар т.б./ жетістіктер туралы қорғады. III кезең: Үй тапсырмасы - «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» тақырыбында өз туған жеріне байланысты макеттерін қорғады. IV кезең: «Менің үлесім», «Мен Рухани жаңғыруды қалай түсінемін» сұрақтар аясында өзара пікіралмасты.

Байқау қорытындысында Бас жүлдеге Қараөткел ауылдық округі №2 орта мектебінің «Қараөткел қырандары» командасы иеленсе, 1 орынды Ақмол ауылы №5 орта мектебінің «Жас жалын» командасы, 2 орынды Талапкер ауылдық окрігі №48 орта мектебінің «Жас талапкер» командасы, 3 орынды Оразақ ауылдық округі №27 орта мектебі «Ұландар» командасы иеленді.


Сонымен қатар «Рухани танымды» номинациясына Оразақ ауылы №27 орта мектебі оқушысы Таир Алабужев, Талапкер ауылы №48 орта мектебі оқушысы Марден Аяулым, «Ең білімді, шешен» номинациясына Ақмол ауылы №5 орта мектебі Наргиз айдынова, «Ең жаңашыл» номинациясына Қараөткел ауылы №2 орта мектебі оқушысы жақсылық Думан ие болды. Барлы командаларды дайындаған жетекшілері де алғыс хатпен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бұл – ауқымды жоба, стратегиялық құжат. «Рухани жаңғыру» – сан ғасырлық тарихи тамырымыз, атамұра өнеріміз, салт-дәстүріміз, білім-ғылымымыз және отбасымыз. Міне, осы құндылықтар, «Рухани жаңғыру» бүгінде ұлттық идеологиямызға айналып отыр. Бабалар аманатын, олар қорғап қалған ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр жердің қыр-сырын, тылсым құпияларын бүгінгі ұрпақ жете білуі тиіс.

Рухани байлықтың кемел де қуатты болғаны бүгінгі жастар үшін де, еліміз үшін де маңызды. Ақыл-ойы толысқан, отбасын, Отанын риясыз сүйетін, рухани бай ұрпақ өркениет бәсекесіне қабілетті болатыны анық. Аталмыш байқау аудандағы барлық округтерде өз жалғасын табады.