28 шіл, 2022 сағат 11:57

Рудныйдағы орталық экранда көшеде қоқыс тастағандар көрсетіледі

Фото: kstnews.kz

Рудный орталығындағы LED-экранда қоқысты ережеге сай тастамаған тұрғындар көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі бұрын-соңды болмаған әдістерге көшкен. Билік шаһардың үлкен қоқыс алаңына айналып бара жатқанын тұрғындарға осылайша жеткізбек.

Бірақ мұнымен іс бітпейді. Дәл осындай видеолар әлеуметтік желілерде, мысалы, Рудный әкімдігінің Instagram-парақшасында да жарияланған. Материалдың көптігінен жазба күн сайын шығады.

"Город" АА порталы мәліметінше, жергілікті L-Trading ЖШС айына 1000 тоннадан аса, күніне 50 тоннаға дейін қоқыс шығарады.