Сурет: alau.kz
Рудныйда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қостанай облысының әкімдігі бұл шешімді түсіндірді, - деп хабарлайды Alau.kz сайты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Рудныйда жергілікті ауқымдағы техногенді төтенше жағдай енгізілгені туралы құжат жарияланған еді.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір жағдай тұрақты. Алайда жылу және сумен жабдықтау, кәріз желілерінің кейбір учаскелерінде тозудың жоғары деңгейіне байланысты апаттар мен жарылу жағдайлары жиілеп кеткендіктен, қала әкімдігі судың қатып қалуының алдын алу мақсатында жылу беру маусымындағы желілерді, сондай-ақ төтенше жағдайларды жою, қосымша күштер мен қаржылық қолдауды тарту арқылы жергілікті маңызы бар техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.
Әкімдік бұл жағдай тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріне және қалалық жүйелердің жұмысына әсер етпейтінін жеткізді.