19 қаң, 2023 сағат 16:36

Рудныйда құбыр жарылып, бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды

Көрнекі фото: Диапазон

Қостанай облысының Рудный қаласында құбыр жарылып, бірнеше үй мен ғимарат жылусыз қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 қаңтар күні сағат 10:30-да Горняков көшесінің бойындағы жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылды. Соның салдарынан 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй және 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау қажет. Оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Жылу беру мүмкіндігінше қысқа мерзімде толық қалпына келтіріледі», - дейді Қостанай облысы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері.

Әлеуметтік желіде апат салдары түсірілген видеолар пайда болды.