Бүгін таңертең Рудный қаласында құбыр жарылып, жолды су басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті әкімдікке сілтеме жасап.
«Рудный қаласында шамамен сағат 10-дар шамасында Дзержинск және Горький көшелері қиылысындағы су құбыры жарылып, тұрғын үйдер сусыз қалған. Апат болған жерге арнайы мамандар барып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі кезде жөндеу жұмыстары аяқталып, тұрған үйлерге су беріле бастады», - делінген Қостанай облыстық энергетика басқармасының хабарламасында.
Оқиғаның видеосы желіде жарияланды.