04 мау, 2022 сағат 04:07

Рудныйда ойын алаңынан баланың денесі табылды


Рудный қаласында ауладағы ойын алаңдарының бірінен баланың денесі табылды. Ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға тіркеуге алынды. Тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп департаменттің баспасөз қызметі әзірге қысқаша жауап берді. 

Жергілікті iagorod.kz сайтының хабарлауынша, 2009 жылғы баланың денесі бүгін күндіз Качарская көшесіндегі аулалардың бірінен табылған. Дененің турникте салбырап тұрғаны айтылады. Ақпарат құралында жазылғандай, бала жіппен ойнап жүріп, абайсызда қайғылы жағдайға ұшыраған болуы мүмкін.