Роскосмос Жезқазған маңындағы қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. Ресми хабарлама Ресейдің ғарыш қызметі жөніндегі "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының сайтында жарияланды. Корпорация қызметкерлері қаза тапқан ер адамның жақындары мен туыстарына көңіл айтады.
"Ауыр метеожағдайларға байланысты халық тұрмайтын аумақта өрт шықты. Адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ, өрт сөндірілді. Бар мәліметтерге сәйкес, өртті сөндіру кезінде КамАЗ жүргізушісінің қазақ тапқаны анықталды. Ол "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясына кірмейтін "Машина жасау" АҚ жұмысшысы болып қызмет еткен. КамАЗ қатты соққан желдің салдарынан толықтай өртеніп кеткен. Роскосмос қаза тапқан ер адамның жақындары мен туыстарына көңіл айтады", - дейді корпорация өкілдері.
14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар таратқан болатын. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалған болатын. Сондай-ақ, осыған дейін Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ екені айтылған еді.