4 қарашада Ватиканда Рим папасы Франциск алғаш рет әйел адамды жоғары лауазымды қызметке тағайындады. Рафаэлла Петрини есімді әйел Ватиканда басқару маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған губернаторлықтың бас хатшы қызметіне тағайындалды.
Ақпаратқа қарағанда, 52-жастағы Петрини Ватикан әкімшілігіне бақылау орнатып, музей, пошта бөлімдері, қазына сарайы мен полицияны да қадағалайды.
84 жастағы Франциск әйелдердің Рим католик шіркеуінде маңызды рөл атқарғанын қалайтынын жеткізген.
Ватикан губернаторлығы – мемлекет-қалада Рим папасы атынан атқару билігін жүзеге асыратын орган.