Фото: gov.kz
Риддердегі жылу электр орталығында №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында жарылыс болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"23 наурыз сағат 07.50-де Риддер ЖЭО № 6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы пайда болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратты. Қазандықтарға көмір беру сағат 13-00-де қалпына келтірілді.
Бұл жерге Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижелері 10 жұмыс күні ішінде дайын болады", – делінген хабарламада.