06 қаң, 2020 сағат 14:55

Риддерде тау жынысы басып қалған шахтада жұмысшы қалып қойды

Риддерде тау жынысы опырылып, шахтадағы учаскелердің бірін басып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 қаңтарда «Казцинк» ЖШС-ға қарасты Риддер тау-кен байыту кешенінің Риддер-Сокольный кенішіндегі учаскелердің бірін тау жынысы басып қалды. Болған оқиға жайлы ақпарат түскеннен кейін регламентке сәйкес, жер астында жұмыс жүргізіп жатқан қызметкерлердің бәрі сыртқа шығарылды. Оқиға кезінде бұрғылаушымен байланыс үзіліп қалды»  деп хабарланды «Казцинк» ЖШС-нің Facebook парақшасында.

Бірден құтқару штабы құрылып, жұмысқа компания мамандарынан бөлек, құтқарушы отряд пен құзіретті мемлекеттік органның өкілдері тартылған. 6 қаңтардың түнінде қызметкермен байланыстың ретке келтірілгені хабарланды.

«Жұмысшыға жету үшін қазір арнайы операцияға қатысушылар барынша күш салып жатыр. Жұмысқа үздік құзырлы мамандар мен техникалар тартылған. Оқиға орнында медициналық бригаданың кезекшілігі жолға қойылды» делінген хабарламада.