Фото: 47Channel
Риддерде әйел үшінші қабаттағы балконнан төменге түсуге тырысқанда екі жасар ұлын құлатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Оқиға 27 қаңтарда болған.
"Қала тұрғыны мас күйінде құлыптаулы тұрған пәтерден балкон арқылы шығуға тырысып, ұлын қолына ұстаған. Бала үшінші қабаттан құлап түсті", - деп хабарлаған ресми ақпарат көзі Noks.kz порталына.
Бала ауыр жарақаттың кесірінен аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.