«РФ шекарасы – Алматы» тас жолында 20 жүк көлігі мен 55 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Telegram арнасына сілтеме жасап.
«30 наурызда «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автомобиль жолының ақылы учаскесінде, атап айтқанда «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалының басшылығымен және ұйымдастыруымен «Батпақ-ПВП Теміртау» учаскесінде қар құрсауынан 20 фура, 4 самосвал және 55 жүк көлігі шығарылды біреуінде екі бала болған. Зардап шеккен көлік құралдары Теміртау қаласына жіберілді», - делінген «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның алты облысында республикалық маңызы бар жолдар жабық күйінде қалуда.