28 жел, 2022 сағат 18:18

Ресеймен шекараны демаркациялау аяқталып жатыр - СІМ

Фото: rusinfo.info

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі өкілдері Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі аяқталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

"Әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы - Қазақстан-Ресей шекарасы толығымен белгіленді. Қазір халықаралық құқық нормаларына сәйкес оны демаркациялау процесі аяқталып жатыр", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров брифингте.

Бұған дейін сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресеймен мемлекеттік шекараны демаркациялау екі-үш жылға созылуы мүмкін екенін айтқан еді.