20 шіл, 2022 сағат 21:11

Ресейлік компаниялар Атырау облысына көшіп жатыр


Жыл басынан бері Атырау облысына Ресей Федерациясынан 56 заңды тұлға көшіп келген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, өткен жылы Ресейден Атырауға 10 шақты компания ғана қоныс аударса, биыл олардың саны төрт есеге өсіп отыр.

"Олар 26 млрд 33 млн теңге салық төледі. Бұл қаражаттың барлығы республикалық бюджетке түседі", - деп мәлімдеді облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Атырау облысына көшіп келген компаниялардың көпшілігі сауда-саттықпен айналысып, көліктік қызметтер ұсынады. Және олардың барлығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген.