07 мау, 2023 сағат 17:56

Ресейлік блогер Алматыдағы спорт алаңында балаларды балағаттаған - видео


Әлеуметтік желіде ресейлік трансгендер-тиктокердің Алматыдағы спорт алаңында балаларды балағаттап жатқан видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бейнежазбада ер адам балаларға "өз елінде мұндайларды ұнатпайтынын" айтып, балағаттап жатқаны естіледі. EGOV.PRESS Telegram арнасының жазуынша, видеоны Хилми Фокс лақапатымен танымал шетелден келген трансгендер түсірген. 

Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Бейнеролик кейіпкері әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Айта кетейік, Хилми Фокс 2023 жылдың қаңтарында Ресейде дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттағаны туралы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін елден кеткен.