Белгілі экономист Жарас Ахметов Ресей сотының Каспий құбыр концорциумын жабуы туралы шешіміне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мұнай тасымалдаудың балама жолдарын жасау қажет болды ма, жоқ па деп айтысып жатқандарға айтарым: 2014 жылға дейін КТК және Транснефть балама қажет етпейтін сенімді бағыттар болды. Бірақ 2014 жылы кенет Путин тек болжап болмайтын адам ғана емес, сонымен қатар мессиандық кемшілігі бар саясаткер екені анық болды. Бұл КТК мен Транснефть кез келген сәтте сенімсіз бағытқа айналуы мүмкін деген үлкен қауіп бар дегенді білдіреді. 2014 жылдан бастап мұнайымызға балама жолдар жасау қажет еді», - дейді Ахметов әлеуметтік желіде.
Оның жазуынша, әсіресе сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін ескерген күннің өзінде экономикалық жағынан КТК мен Транснефтьден асып түсетін қымбат жоба оңай соқпас еді.
«Бір қызығы, баламалы жолдар қолға алынбаған. Өйткені біздің мемлекет мегажобаларды жақсы көреді. Ең жақсы шешім – мұнай тәуелділігінен құтылу. Бірақ нашақордың өз-өзіне ант бергені сияқты, біздің үкімет «ертең тастаймын» деп уәде береді. Бірақ құтылмайды», - дейді ол.
Еске сала кетсек осыдан бірнеше күн бұрын Новороссийскінің Приморский аудандық соты экологиялық заңбұзушылықтарға байланысты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) қызметін тоқтатып тастаған. Консорциум қызметі 5 шілдеден бастап 30 тәулікке тоқтамақ.
Сол күні Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Каспий құбыр консорциумы қызметінің уақытша тоқтап қалуына байланысты жедел кеңес өткізген болатын.