ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Ресеймен Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға қатысты келісөздер жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нәтиже бар. Біз техникалық параметрлеріне, коммерциялық параметрлеріне қатысты нақты келіссөздер бастауды уағдаластық. Яғни, газ құны, құбыр тарту негіздемесін әзірлеу үшін қажетті газ тұтынудың ең төменгі көлемі туралы мәселелер қозғалады. Өткен аптада ғана «Газпром-экспорт» басшылығымен кездесіп, бұл мәселелерді талқыладық» - деді министр Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.