21 қыр, 2021 сағат 12:05

Ресейдегі сайлау қорытындысы жарияланды


"Единая Россия" партиясы Мемлекеттік дума сайлауында 49,82 пайыз дауыс жинады, деп хабарлады РИА Новости.

ОСК мәліметіне сәйкес, хаттамалардың 100 пайызы саналды.

Ресей Федерациясының Коммунистік партиясы 18,93 пайызбен - екінші, ЛДПР 7,55 пайызбен үшінші орынды иеленді. Үздік бестіктің қатарына "Справедливая Россия — За правду" (7,46), "Новые люди" (5,32) енді.

Мемлекеттік думаға федералды округ бойынша бес пайыздық межені еңсерген бес партия өтеді.

Сондай-ақ бір мандатты округтер бойынша парламенттің төменгі палатасына жеті саяси қозғалыстың өкілдері мен өзін-өзі ұсынушылар кіреді.

Дума және жергілікті сайлауларда дауыс беру Ресейде 17-19 қыркүйек аралығында өтті. Сайлауға қатысушылар 51 пайыздан асты.