24 нау, 2022 сағат 18:41

Ресейде коронавирустың жаңа штамы қарқынмен таралуда


Ресейде коронавирустың "стелс омикрон" үлесі барлық аймақта анықталды және оның таралуы қарқынмен артуда. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 қарсы ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Корея COVID-19 таралуына байланысты енгізілген визасыз режимнің тоқтатылуын алып тастады. Визаға рұқсатты 46 елдің азаматтары ала алады. Олар 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап қысқа мерзімге визасыз кіруге құқылы. Келушілер Оңтүстік Кореяда үзіліссіз 60 күннен аспайтын мерзімде бола алады. Сондай-ақ 180 күн ішінде болу уақыты 90 күннен аспауы шарт. Алайда, туризм үшін елге кіруге әлі тыйым салынған: оқуға, емделуге немесе шұғыл гуманитарлық мақсаттарға баруға ғана рұқсат етіледі.

Коронавирустың жаңа штамы Ресейдің барлық аймағында анықталды және оның үлесі өсуде. Роспотребнадзордың мәліметінше, "стелс омикрон" үлесі тұрақты артып келеді. Мәселен, Ресейдің орталық бөлігінде анықталған барлық жаңа жағдайдың жартысынан көбі – «омикронның» осы нұсқасы. Сонымен қатар, ғалымдардың пайымынша, індеттің күрт өсуі күтілмейді. Өйткені халықтың көп бөлігі вакцинация жасатқан немесе коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитет қалыптасқан.