03 сәу, 2021 сағат 14:48

Ресейде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 100 мыңнан асты

Ресейде коронавирус инфекциясының расталған жағдайларының саны бір күнде 9 021-ге, жалпы 4 572 077 дейін өсті. Бұл туралы сенбі күні журналистерге жаңа инфекцияға қарсы федералды жедел штаб мәлім етті, деп жазады ТАСС агенттігі.

Салыстырмалы түрде алғанда, науқастар саны 0,2%-ға дейін өсті.

Қазіргі таңда Ресейде 276 191 адам ем алып жатыр. Коронавирустан кейін емделген ресейліктердің саны бір күнде 9 618-ге дейін өсті. 

Барлығы 4 195 869 адам сауыққан. Штаб мәліметіне сәйкес, шығарылған пациенттердің үлесі жұқтырғандардың жалпы санымен салыстырғанда 91,8%-ға дейін өсті.

Елде коронавирусқа салдарынан болған өлім саны бір күн бұрын 384 болса, енді 400-ге жетті. 

Пандемия басталғаннан бері инфекциядан 100 017 адам қайтыс болды. 

Шартты өлім-жітім (эпидемия аяқталғаннан кейін ғана анықталуы мүмкін) 2,19% деңгейіне дейін өсті деп хабарлады штаб.