Фото:stu.customs.gov.ru
Россельхознадзордың Омбы облысы бойынша басқармасы қызметкерлері ұн мен тыңайтқыш деген желеумен 60 тоннадан аса қантты заңсыз экспорттау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
2022 жылғы 6 шілдеде "Русско-Полянский" ФМК-да ақ қызылшаның кристал қант партиясын (29,9 тонна) экспорттау тоқтатылды. Қант партиясы минерал тыңайтқышқа (карбамид) арналған құжаттарға сәйкес экспортқа шығарылған және "Карбамид" (Б сорты) деген жазуы бар ақ полипропилен қаптарға салынған.
"Жүкті тексеру кезінде төгілген қант және қапта қант бар екенін көрсететін таңбалау жапсырмасы табылды. Басқа қаптарды тексеру кезінде оларда қант бары анықталды. Экспортталатын қант партиясының құжаттары болмаған. Партия ұсталды, бұл деректі Омбы кедені тексеріп жатыр", - делінген Россельхознадзор сайтындағы хабарламада.