сурет ашық дереккөзден алынды
Ресей үкіметі Солтүстік Корея, Иран мен Азияның өзге де бірнеше елінің азаматтарына виза беру тәртібін оңайлатты. Бұл елдердің азаматтары қонақүйді алдын ала белгілеп, визаны жарты жылға ала алады.
Оңайлатылған тәртіппен виза берілетін тізімде 19 ел тұр. Солтүстік Корея мен Ираннан өзге, Қытай, Үндістан, Сауд Арабиясы, Кувейт, Түркия, Мексика, Сербия, Таиланд, Филиппин, Малайзия, Индонезия, Бахрейн, Бруней, Камбоджа, Лаос, Мьянма және Оман бар.
2022 жылғы наурызда Ресей билігі әлемді өздеріне "дос" және "дос емес елдер" деп екіге бөліп, тізім жасаған. "Дос емес" елдер тізіміне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония және Еуропа одағы елдері енген.