Қазақстан мен Ресей елімізге электр энергиясын жеткізу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Ресей премьер-министрінің орынбасары Александр Новак мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстанға электр энергиясын жеткізу бойынша қандай да бір шешімдер немесе мерзім қабылданды ма" - деген сұрақ Нұр-Сұлтандағы Каспий құбыр консорциумы мүшелерінің кездесуінен кейін Ресей вице-премьеріне қойылды.
"Негізі, иә. Бірақ компаниялар бір-бірімен коммерциялық келісімшарт жасасуы керек, олар келіссөз жүргізуі керек. Негізінде, мұндай сұраныс бар және негізінен, жеткізу мүмкіндіктері де бар. Бұл туралы бүгін және кеше сөйлестік. Сондықтан біздің компаниялар жақын арада келіссөз жүргізеді", - деп жауап берді Новак.