20 жел, 2016 сағат 13:14

Ресей елшісінің өлтірілетінін болжағандар бар

Ресей елшісіне қастандық жасалардан үш күн бұрын Абдулла Бозкурт атты журналист жергілікті сайттардың бірінде «Түркияда шет елдің елшілеріне қауіп бар» деген жазба қалдырған, деп хабарлайды Yeni Safak агенттігі.

Таяуда ғана жабылған Todays Zaman басылымының бұрынғы журналисі Абдулла Бозкурт аталған қастандықтан үш күн бұрын, 16 желтоқсанда, жергілікті «turkishmunite.com» ғаламтор сайтында әлгіндей мазмұнда хабарлама жазған.

Ал кеше елші өлтірілгеннен кейін Туиттердегі парақшасында «Мен шет елдік елшілерге бізде қауіпті екенін үш күн бұрын айтқан едім» деп жазыпты.

66