21 қар, 2022 сағат 14:55

Ресей елшілігі: қазақстандықтар сайлау процесінің жоғары деңгейін көрсетті


Ресей елшілігі қазақстандықтарды сайлаудың сәтті өтуімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстандық достарды кезектен тыс өткен президент сайлауымен, ал Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!"- делінген өкілдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Олар сайлаудың барлық кандидаттар үшін ашық, әділ және тең жағдайда өткендігін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына және халықаралық сайлау стандарттарына толық сәйкес электоралдық процесті дайындау мен өткізудің жоғары деңгейін көрсетті. Бұған Қазақстанға Ресейден келген көптеген халықаралық байқаушылардың қорытындылары дәлел бола алады", - деп атап өтті елшілік.

Олар сондай-ақ дауыс беру қорытындысы Қазақстан халқының қазіргі Президентті кеңінен және бірауыздан қолдайтынын растады. Ресей елшілігі қазақстандықтарға өркендеу тілеп, ресей-қазақстан қатынастарының одан әрі табысты әрі серпінді дамуына және нығаюына сенім білдірді.