25 сәу, 2022 сағат 17:57

QazaqGaz-дың 7 жылдағы шығыны 587 миллиард теңге - сенатор


QazaqGaz ұлттық компаниясының соңғы жеті жылдағы шығыны - 587 миллиард теңге. Сенатор Ерік Сұлтановтың айтуынша, компания қызметінің ашықтығына қатысты сұрақтар туындап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгінде соңғы жеті жылдағы шығыны 587 миллиард теңге болған QazaqGaz ұлттық компаниясы қызметінің ашықтығы мен тиімділігіне қатысты сұрақтар туындап отыр. Бұл ретте компанияның шығыны төмен тарифтермен ғана емес, сонымен қатар қазіргі басқару үлгісінің жетілмегендігіне де байланысты екенін түсіну керек. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілген QazaqGaz аудитінің нәтижелерін ескере отырып, газ нарығын басқарудың ықшам үлгісін құру бойынша шаралар қабылдау қажет", - деді Сұлтанов Үкімет сағатында.

Депутаттың айуынша, QazaqGaz және оның "Интергаз Орталық Азия" АҚ, "ҚазТрансГазАймақ" сияқты еншілес ұйымдарының функцияларын қайта қарау ұсынылады. Оның айтуынша, олардың қызметі де көптеген сұрақ туғызады.