02 мау, 2018 сағат 12:23

Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді  қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Германиядан экстрадициялады. 

Бақыт Ибрагим  алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан  аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деген күдік бар.

2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені және  83 млн. АҚШ долларын құрайды.

"Қылмысты жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып қалған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.    

Қазіргі уақытта Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторында.

Айта кетсек, 23 сәуірде Германияда Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагим ұсталған болатын.