13 сәу, 2021 сағат 06:38

Путиннің қызына тиесілі компанияның жылдық табысы төрт пайызға жуықтады

Владимир Путиннің үлкен қызы Мария Воронцоваға тиесілі делінген "Намеко" медициналық компаниясы 2020 жылы 839 млн рубль (шамамен 11 млн доллар) табыс тапқан. Компания былтыр 21,4 млн рубльға (шамамен 272 мың доллар) тауар сатып, қызмет көрсеткен. Осылайша "Номеко" компаниясының жылдық табысы – 3822 пайызды құраған. 

"СПАРК-Интерфакс" мәліметінше, салық төлегеннен кейін компанияның таза табысы 600 млн рубльге (шамамен 7,7 млн доллар) жеткен. 

Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, медицина ғылымының кандидаты Мария Воронцова Ресей президентінің қызы екенін осыған дейін The New Times, Би-би-си-дің Орыс қызметі, Bloomberg агенттіктері хабарлаған. 

2014 жылға дейін Воронцова Балалар эндокринология институтының ординатурасынан өткен. Кейінірек "Номеко" медициналық компаниясының акционеріне айналған. 2019 жылы Би-би-си-дің Орыс қызметі аталған компанияның "Согаз медицина" клиникалар тобымен бірігіп, Ленинград облысында медициналық кешен салумен айналысып жатқанын хабарлаған. Сол кезде кешен "жабдықталуы жағынан әлемдегі алғашқы үш жетекші клиниканың қатарына кіруі тиіс" деп хабарланды. Жобаның құны 40 млрд рубльге бағаланған.