Фото: Massaget.kz
Алматы облысындағы ескерткішке Ресей президенті Владимир Путин туралы балағат жазғандар іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Оқиға Ұзынағаш ауылындағы христиан зиратында болған. Белгісіз адамдар Герасим Колпаковский ескерткішіне "Путин чмо" деп жазған.
Бұл деректі Жамбыл аудандық полиция басқармасы тіркеген.
Қазіргі уақытта мұны жасағандар мен куәгерлер іздестіріліп жатыр. Кейін қолданыстағы заңнама бойынша тиісті шешім қабылданады.
"Аталған оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабы (Бұзақылық жасау) бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.