Фото:Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына жұмыс сапары аяқталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Душанбе халықаралық әуежайында Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода шығарып салды.
Еске салайық, Тоқаев Душанбеде Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізіп, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар мәлімдеме жасады.