Сенат спикері Дариға Назарбаева Қазақстан Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысын таныстырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы болып Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев, ал Үкімет басшысының өкімімен Үкіметтің Парламенттегі өкілі болып Ермек Әмірханұлы Аманшаев тағайындалды», - Дариға Назарбаева.
Сонымен қатар ол тағайындалған тұлғаларды лауазымды қызметке келуімен құттықтады.
«Заң шығару процесін жетілдіруге және депутаттар көтеретін маңызды мәселелердің оң шешілуіне үлес қосасыздар деп сенеміз», - деді ол.