Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Экономиканы қолдау үшін Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру жалғасуда. Атап айтқанда, осы жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына екінші деңгейдегі банктерге 1,18 трлн теңгеге 1 507 өтінім келіп түсті. 785,2 млрд теңге сомасына 961 жоба мақұлданды», - деді Ұлттық банк төрағасы.
Ерболат Досаевтың айтуынша, Кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына кәсіпкерлер 755,3 млрд теңге болтын 3 031 өтінім берген.
«596,8 млрд теңгеге 2 205 өтінім мақұлданды. 837,5 млрд теңгеге 8 272 қарыз, оның ішінде 265,2 млрд теңгеге 3 606 қарыз бұрын берілген қарыздарды өтеуден түскен ақша есебінен берілді», - деді ол.