04 қар, 2021 сағат 12:39

Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасы қалай орындалып жатыр?


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Президенттің 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасының қалай орындалып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орман қорында 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу жұмыстары жалғасуда. 5 жылға арналған кешенді жоспарлар бекітілді. Орманды толықтыруды бақылау мен мониторингілеуге арналған интерактивті карта жасалды. Атап айтқанда, бүгінгі таңда жоспарланған 129 млн ағаштың 89 миллионы отырғызылды», - деді С. Брекешев Үкімет отырысында.

Одан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Арал теңізінің құрғаған түбіне жалпы көлемі 1,1 млн гектар жерге сексеуіл отырғызу басталды. 

«Биыл сексеуіл егу 100 мың га алқапта, келесі 4 жылда жыл сайын 250 мың га алқапта жүргізілетін болады. Өзбекстан Республикасының оң тәжірибесін қолдана отырып, біз алғаш рет сексеуілді аэро егуді жүргізуді жоспарлап отырғанымызды атап өту қажет. Ынтымақтастық жөніндегі тиісті жол картасына қол қойылды», - деп атап өтті министр.