22 қар, 2022 сағат 13:28

Президентті ұлықтауға бюджеттен қосымша ақша бөлінбейді – министр

© Sputnik / Владислав Воднев

Жаңадан сайланған президенттің ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Президенттің ұлықтауына бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білетіндей, ұлықтау - президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша лауазымға өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді", - деді Жамаубаев Үкімет кулуарында.

Айта кетейік, кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді.

Сайлау қорытындысы бойынша Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады. Оны қолдап 6 456 392 адам дауыс берген. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді.