31 там, 2021 сағат 18:20

Президент Жолдауы телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ертең тікелей эфирде жариялайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ертең, 1 қыркүйекте, сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды. Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады» делінген жазбада.

Еске салсақ, ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.