25 шіл, 2022 сағат 17:18

Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрамы өзгерді


Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы өзгерді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Кеңестің құрамынан А.Ұ. Мамин, Е.Ә. Досаев, Б.Б. Атамқұлов, Р.Е. Дәленов, P.M. Исатаев, А.Ә. Әріпханов, А.И. Мырзахметов, Р.Дж. Поллетт, А. Глазенберг, В.Н. Кнауф, А. Брейяк, К. Ульмер-Айлфорт, В.Ю. Алекперов, И. Катаяма шығарылсын", - делінген Президент Жарлығында.

Кеңестің құрамына төмендегі басшылар енгізілді:

  1. Ғалымжан Пірматов – Ұлттық банктің төрағасы,
  2. Бақыт Сұлтанов – Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі,
  3. Әлібек Қуантыров – Ұлттық экономика министрі,
  4. Қайырбек Өскенбаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі,
  5. Қанат Шарлапаев – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша),
  6. Ардақ Зебешев – Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы,
  7. Райымбек Баталов – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы (келісім бойынша),
  8. Бела Ференци – «Дженерал Электрик» компаниясының Ресейдегі/Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы президенті (келісім бойынша),
  9. Гэри Нейгл - Glencore компаниясының бас директоры (келісім бойынша),
  10. Уве Кнотцер – Knauf International GmbH компаниясының бас директоры, Knauf Group басқарушы әріптесі (келісім бойынша),
  11. Николя Терраз – «Тоталь Энерджиз Барлау және Өндіру» компаниясының президенті, «Тоталь Энерджиз» концерні атқарушы комитетінің мүшесі (келісім бойынша),
  12. Кирсти Хелен Уилсон – «Бейкер Макензи» жаһандық атқарушы комитетінің мүшесі, «Бейкер Макензи Интернэшнл» директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (келісім бойынша),
  13. Вадим Воробьев – «Лукойл» жария акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша),
  14. Тецуя Шинохара – «Митцубиси» корпорациясының аға вице-президенті, жаһандық стратегия және үйлестіру департаментінің бас директоры (келісім бойынша).