Мемлекет басшысы Ұлттық банктегі штат санын өзгертуді көздейтін Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Президенттің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына түзету енгізді.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық аппаратын, оның филиалдары мен өкілдіктерін қоса алғанда, жалпы штат саны 2 161 бірлік мөлшерінде бекітілсін", - делінген құжатта.
Бұрын Ұлттық банктің штаттық құрамында, оның ішінде орталық аппарат, филиалдары және өкілдігінде 2 587 адам қызмет атқарған.