16 қар, 2021 сағат 18:52

Президент Үкіметке шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырды


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 6-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке шекаралас аймақтарды дамыту жөніндегі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қоғамда жиі айтылып жүрген тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Бұл тақырыпты Ұлттық Кеңес мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров көтерген болатын.

Соңғы кезде шекара бойындағы елді мекендерде халық саны азайып бара жатқаны жасырын емес. Мұның өзіндік себептері бар. Бірақ, шекара маңын бос қалдыруға болмайды. Бұл – ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар мәселе. Оны жүйелі түрде шешу қажет. Қомақты қаражат керек болады. Үкіметке мұны жан-жақты қарастырып, шекаралас аймақтарды дамыту жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді Қазақстан Президенті.