13 қыр, 2021 сағат 17:28

Президент Тоқаев Тәжікстанға барады


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Тәжікстанға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Сонымен қатар, бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесу жоспарланған", - делінген хабарламада.