19 мау, 2024 сағат 15:28

Президент Тоқаев Киевтегі журналист Садықовқа жасалған шабуыл туралы түсініктеме берді


Фото: facebook.com/UA.KyivPolice

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте болған қазақстандық журналистке жасалған шабуыл туралы пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Мемлекет басшысы біздің мемлекеттік органдар тергеуге қосылуға дайын екенін атап өтті.

"Қазақстанда заң үстемдігін нығайтуға бағыт алынды. Менің принципті ұстанымымды білесіздер: елде заң мен тәртіп болуы керек. Біздің қоғамдағы барлық қақтығыстар, келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқық аясында шешілуі керек. Дәл осы тұрғыдан алғанда, кеше Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты болған қылмысты қарастыру қажет.
Мен дипломатиялық ведомство мен құқық қорғау органдары арқылы осы ауыр оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұрау салуды тапсырдым. Қажет болған жағдайда қазақстандық ресми органдар шындықты анықтауға жәрдемдесу үшін тергеуге қосылуға дайын", - деп атап өтті ол.


18 маусымда БАҚ өкілдері Украина астанасы Киев қаласында Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қастандық жасалғанын хабарлады. Украина Ұлттық полициясының хабарлауынша, күйеуі мен әйелі отырған Ярмола көшесіндегі көлікке белгісіз адам келіп, ер адамды атып, жарақаттап, артынша ізін суытқан. Әйел жарақат алған жоқ.
Жәбірленуші медициналық мекемеге жатқызылды.

Киев полициясы "кісі өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.