14 мау, 2021 сағат 12:05

Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Бұл жайында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында «Үкімет өнеркәсіп пен ақпараттық технологиялар саласының арасында өзара тиімді ынтымақтастық орнатуға атсалысуға тиіс. Бұл әр саланың цифрлы экожүйесінің қозғаушы күші бола алатын цифрлы технология платмормаларын құруға мүмкіндік береді», - деген болатын. 

Берік Уәлидің атап өтуінше, осы тапсырма аясындаSamruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды. Аталған платорма «KEGOC», «ҚазМұнайГаз», «Қазатомөнеркәсіп», «Қазақстан темір жолы», «Air Astanа», «Қазақтелеком», «Қазпошта» сияқты «Самұрық-Қазына» тобының 170-тен астам компаниясының бос жұмыс орындарын біріктірді. Платформа жұмысының барысында 1640 адам жұмысқа орналасты, 46 891 ізденуші тіркелді, 6 535 бос жұмыс орны сайтта жарияланды.