06 ақп, 2020 сағат 17:18

Президент тапсырмасы: Қарағандыда ЕАЭО елдерінен әкелінген алғашқы көлік тіркелді

Қарағандыда ЕАЭО елдерінен әкелінген көлікке берілген бірінші нөмер тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

5 ақпанда Қарағанды қаласының мамандандырылған ХҚКО-да Ресейден әкелінген машинаға алғашқы уақытша нөмірді 47 жастағы Александр Подшибякин алды.

«2019 жылы шығарылған «Toyota Rav 4» автокөлігінің қозғалтқыш көлемі 2.0 текше см. Көлік иесі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі (МТНБ), Көлік құралын тіркеу туралы куәлік (КҚТК) және бастапқы тіркеу үшін мемлекеттік баж төледі», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

1-4 ақпан аралығында Қарағанды облысының Мамандандырылған ХҚО-ға уақытша тіркеу туралы кеңес алуға 136 автокөлік иесі жүгінген. Олардың 99-ы Ресей Федерациясынан, 27-і Армения Республикасынан, 10-ы Қырғызстаннан және 1-і Беларусьтен әкелінген.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қаңтарда ҚР Ішкі істер бірінші орынбасары Марат Қожаев ЕАЭО-дан әкелінетін автокөліктерді тіркеу ережелері туралы әңгімеледі. Осы Ережелерге сәйкес Қазақстанда мұндай автокөліктер үшін 18-ші аймақ жаңа коды енгізілді. ІІМ-де сары нөмірлермен және 18-аймақ деген белгімен осындай көліктерді жалпы автомобильдер арасынан бақылап отыру және есеп жүргізу үшін ерекшелеу туралы шешім қабылданған. Бұл туралы Марат Қожаев мәлімдеді.

Сонымен қатар, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның заңнамасына сай келмейтін шетелдік көліктерге қатысы мәселені шешуді тапсырған болатын.