21 мам, 2021 сағат 16:45

Президент: Суэц каналындағы оқиға құрлықтық байланыстың маңыздылығын көрсетті


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары еуразиялық экономикалық алқа мәжілісінде Батыс Қытай – Батыс Еуропа дәлізін реконструкциялауды ЕАЭО аумағында толық аяқтауды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Наурыз айында Суэц каналында болған оқиға сауда жолдарының осалдығын және әлемдік саудаға қалай әсер ететінін көрсетті. Аталған жайт құрлықтағы маршруттардың маңыздылығын дәлелдеді. Еуразия елдері өздерінің транспорттық әлеуетін толығымен іске асыруы керек. Трансшекаралық учаскелер мен транспорттық күре жолдарды үдемелі жаңғыртуды қайталап ұсынамын. Атап айтқанда, Батыс Еуропа – Батыс Қытай бүкіл Еуразиялық экономикалық одақ аумағында реконструкциясын аяқтау қажет», - деді Мемлекет басшысы.