12 мам, 2022 сағат 22:35

Президент кепілдендірілген трансфертке қатысты заңға қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кепілдендірілген трансферт туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Еске салайық, 5 сәуірде ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірген болатын. Үкіметтің Ұлттық қордан аударылатын трансфертті бірден 1,6 триллион теңгеге арттыруды жоспарланған еді.