18 қар, 2021 сағат 16:48

Президент: Қазақстан – Еуразиядағы көпжақты құрылымдардың негізін қалаушы елдердің бірі


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Қазақстан дипломатиясының Еуразия құрлығындағы орнын атады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан дипломатиясы көптеген мәселелерді, тіпті аса күрделі халықаралық түйткілдердің өзін мәміле арқылы шешуге мүдделі. Бұл тәжірибе жылдар бойы қалыптасқан және оң нәтиже көрсеткен. Еліміз мемлекетаралық және азаматтық қақтығыстарды реттеу үшін бітімгерлік бастамалар ұсыны, ара ағайын болып жүр», - деді Президент. 

Мемлекет басшысы Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының сьездерін өткізіп, өркениеттер үндестігін орнатуға күш салғанын еске салды.

«Осының бәрін шетелдік әріптестеріміз жоғары бағалап, жан-жақты қолдау білдіруде. Атап айтқанда, 2010 жылы Еуропадағы қауіпсідік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еттік. Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды. 

Қазақстан – Еуразия құрлығындағы көпжақты құрылымдардың негізін қалаушы елдердің бірі. Еліміз ТМД, Еуразия экономикалық одағы, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастық ұйымы және басқа да құрылымдардың жұмысын жандандыруға белсене атсалысып келеді», - деді Президент.