10 шіл, 2020 сағат 10:54

Президент дәрі-дәрмек мәселесін тез арада реттеуді тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін тез арада реттеуді тапсырды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейне байланыс жүйесі арқылы болып жатыр.

Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.